Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда Жетісу қонақүйі маңында оқ атылды (видео)

Қара Lexus көлігі қару-жарақ дүкені маңына келіп тоқтап, одан екі жігіт түседі. Олар алдымен “Робинзон” қару-жарақ дүкеніне, одан соң “Қорған центр” аңшылық дүкеніне бас сұғады. Біраз уақыттан соң олар көлігіне оралады. Тағы біршама уақыттан соң көліктің алдыңғы жағынан бірінші ауаға, одан кейін қонақүй жаққа қарай оқ атылады.

Патруль экипажы бірден шалт әрекет етіп, екі жігітті құрықтайды. Екеуі сұрақ-жауап барысында пневматикалық тапаншаға баллон сатып алып, соны тексермек болғандарын айтқан. Ұсталғандар оның қауіптілігі мен салдары туралы ойланып жатпағандарын айтады.

Оларды ары қарай тергеп-тексеру үшін Алмалы аудандық ішкі істер департаментіне жеткізді.

https://www.youtube.com/watch?v=ILGpKSX9yqU

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз