Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-22
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды

Сонымен қатар, мұнда оқырмандардың жайлы әрі тиімді уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған. Көру қабілеті төмен оқырмандарға арналған ірі қаріптегі және арнайы форматтағы әдебиеттер қоры жинақталған.

«Кітапхана – қаланың рухани тынысын айқындайтын орын. Біз өз тарапымыздан қала тұрғындарына жаңа білім нәрімен сусындауға, жан-жақты дамуына жағдай жасап отырмыз. Бұл кітапхана тек кітап оқитын орын емес, ой мен идея тоғысатын заманауи мәдени орталық», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Кітапхананың ерекше жобаларының бірі – балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Оқы – ойна!» жобасы. Осы жоба аясында балалар аймағында PlayStation 5 орнатылып, ойын мен оқуды үйлестіретін жаңа формат ұсынылған. Бұл бастама балаларды кітапхана кеңістігіне қызықтыруға және олардың оқу мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Кітапхана – болашақ оқырманды тәрбиелейтін маңызды мәдени орта. Мұндай заманауи әрі толық қолжетімді кеңістіктің ашылуы жастарды кітапқа жақындатып, оқырман мәдениетін жаңа деңгейге көтереді», – деді әдебиеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қансейіт Әбдезұлы.

Бұл бастама Алматы қаласының мәдени инфрақұрылымын дамытуға, оқырман мәдениетін жаңғыртуға және ұлттың рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз