Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Заңсыз екен. Алматыда автобустар зейнеткерлер мен оқушылардан 80 теңге алып жатыр

111

2016 жылдың шілдесінде қала билігінің шешімімен жолаушыларға қолма-қол ақы төлеуге рұқсат берілді. Осы жағдай тараптар арасында шиеленіс туғызған секілді. Салдарынан қоғамдық көлікте бүгіндері мынандай жарнама жапсырылып жүр:

Біз бұл жайттың анық-қанығын білу үшін Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховқа хабарластық.

– Жоқ, қала әкімдігі жолға кететін шығынның 50 пайызын жолаушылар тасымалдаушыларға өтеп береміз. Қалада жеңілдікке ие 12 түрлі әлеуметтік топ бар. Бәрін де өтейміз, тек „Оңай„ картасындағы мәлімет бойынша.

Біз әр автобусқа қай адам жеңілдікпен ақша төлегенін санау үшін адам қоя алмаймыз ғой.

Сондықтан да автобус иелері осындай хабарландыру ілген шығар, – дейді Исахов.

Сонда бұл қаншалықты заңды? Жеңілдіктердің күшін ешкім жойған жоқ қой.

– Жеңілдіктер жойылған жоқ. Келісімшартта жеңілдік бойынша 50 пайыз соманы тасымалдаушыларға өтеу көрсетілген, бірақ „Оңай„ картасының дерегі бойынша ғана. Ал олардың талабы, әрине заңсыз.

Сөз соңында басқарма басшысы хабарландыруды алдыртып тастайтынын, бұл мәселені біржақты етіп шешуге уәде етті.

Дерек көз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз