Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда үздік әлеуметтік идеялардың авторлары марапатталады

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі коммерциялық емес сектор үшін демонстрациялық, ақпараттық және білім беру платформасын қамтиды.

КЕҰ өкілдері екі жылғы онлайн форматтан кейін Қордың әдеттегі алаңында офлайн кездеседі. Мұнда қазылар алқасына олар өздерінің әлеуметтік маңызды идеяларын ұсынады да ең үздіктері іске асырылу үшін қаржыландырылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды балалар жылы деп жариялау туралы шешімін қолдап, біз коммерциялық емес ұйымдарды балаларды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды бірлесіп әзірлеуге шақырдық.

Естеріңізге салайық, жәрмеңке алдында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауы өтеді. Биыл байқаудың іріктеу кезеңіне КЕҰ-дан үш номинация бойынша 177 өтінім берілді: «Таңдау құқығымыз туралы үнімізді естіңіз (34 жоба), «Балалар алдындағы жауапкершілікті жаңғырту: болашақтың міндеті» (60 жоба) және «Талантты ынталандыру: іске кірісіңіз, мүмкіндіктерді арттырыңыз, ресурстарды қолданыңыз (83 жоба). Жобаға үш мегаполис (Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент) және 14 облыс, соның ішінде шалғай елді мекендер мен моноқалалардан қатысты.

Жәрмеңке аясында өтетін байқаудың финалына жеткен 50 ұйым Нұрсұлтан Назарбаев Қорының үздік әлеуметтік идеясы мен гранты үшін бақ сынасады. Жеңімпаздар (бірнешеу болады) іс-шараның екінші күні, яғни 29 сәуірде жарияланады.

Екі күндік бағдарлама аясында «Буккроссинг» акциясы (қор жанындағы саябақта көше кітапханасын орнату), ашық диалог алаңы, финалистерге арналған нетворкинг, шеберлік сыныптар және дәрістер өтеді.

«Қазақстанның әлеуметтік институттарының диалогы: жаңа идеяларбалалықты қорғаудың жаңа мүмкіндіктері» атты ашық диалог алаңында сарапшылар тақырып бойынша сөз сөйлейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорыжобалық басқару департаментінің директоры Әсет Қылышбаев, Beeline Қазақстан CSR менеджері Анар Жұмағұлова, «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева, «Ковчег» мекемесі жобаларының үйлестірушісі Зарина Нарбаева, «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы Зүлфия Байсақова, «Wunderacademy» жеке инклюзивті мектебінің бас директоры Руслана Писаренко бар. Кездесудің модераторы белгілі тележүргізуші, ерікті, азаматтық белсенді Адель Смит.

Жәрмеңкенің екінші күні э.ғ.к., доцент, өнер саласындағы Магистр, медиа менеджер сенатор Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты Аида Досаева шеберлік сыныбын өткізіп, менеджерлерге арналған білім мен коммуникацияның қыр-сырымен таныстырады.

«Навстречу переменам» балалық шақ саласындағы әлеуметтік бастамаларды қолдау қорының тең құрылтайшысы, фандрайзерлер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің мүшесі (Ресей) Татьяна Бурмистрованың онлайн дәрісін азаматтық сектор өкілдері көп күтті. Ол әлеуметтік жобаларға инвестицияны тартуды және коммерциялық емес секторда қалай бәсекелесуге болатыны туралы әңгімелейді.

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз