Алматыда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында 65 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.
«Үш күнде жол мегаполистерінде 65 жүргізуші алкогольді ішімдік пен есірткі заттарына мас күйінде ұсталды. Олар мас күйінде көлік басқара отырып, өзіне және жалпы қоғамға қауіп төндірді. Әсіресе ойын-сауық ғимараттарынан шыққан, спиртті ішімдікке сылқия тойған жүргізушілердің рөлге көбірек отыратынын атап өткен жөн», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жолдасбек Алмашов.