Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда үш бірдей үй өртеніп кетті (видео)

Ер адам жарылыстың алдын алу үшін үйінен газ баллонын алып шыққан.

“Тұрғындар байбалам сала бастады, барлығы “газ баллоны жарылып кетуі мүмкін” деп айғайлап жүрді. Содан мен үйге қарай жүгіріп, газ баллонын алып шықтым”, – дейді ер адам.

Тағы бір тұрғынның айтуынша, ауладағы үш үй бірдей өртеніп кеткен.

“Ауламызда үш үй бар. Өрт кезінде төрт балам мен бір немерем үйде болды. Ешкім зардап шеккен жоқ, үйден шығып үлгердік. Өртті өзім сөндірмекші болдым, бірақ полицейлер бізді шығарып жерді. Газ баллонының жарылып кету қаупі бар екенін айтты”, – дейді тұрғын.

Қазіргі уақытта өрт болған жер қоршауға алынды. Онда өртке қарсы қызметтегілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.

 

Дерек көз:Tengrinews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз