Ауыр жол апаты Алматыдағы Алатау ауданының «Өжет» ықшамауданында орын алды. Toyota Highlander мен BMW көліктері соғылып, соққыдан кейін джип жол жиегіндегі әйел мен үш баланы қағып кеткен.
Жол оқиғасының видеосы @dorogi.kz парақшасына жарияланды. Оқиға 28 қыркүйек күні кешкісін болыпты. Жараланған балалардың біреуі қазір ауыр жағдайда реанимацияда жатыр, деген ақпарат тарады.