Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда “Ұлы дала рухы” атты этнофестиваль өтіп жатыр (видео)

Қонақтарға арнап 12 қанатты 60 қазақ үй тігілген.

Батыр Багайын, фестиваль қонағы /Болгария/:

– Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Өте қатты ұнады. Ертеңгі ойындарда болгар халқының дәстүрін, мәдениетін көрсетеміз. Жігіттер жағы ерте кездегі соғыс тактикаларын көрсетсек, қыздар ән айтып, би билейді.

Көкпар, аударыспақ, қыз қуу сынды ат спорты түрлерінен жарыс болады. Қолөнершілер шеберлік сабақтарын жүргізеді. Көрермендер арасында әртүрлі байқау өтеді. «Ең әдемі ұлттық киім» киіп келген адамға ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығы да бар.

Базарбек Атығай, «Ұлы дала рухы» этномәдени фестивалі сценарийінің авторы:

– Биылғы этномәдени фестивальдің ең үлкен жаңалығы асау үйретуді көрсетеді. ШҚО арнайы шақыртумен келген Тәттімбет Кәпұлы деген азамат өзінің шәкіртімен келіп асауды басықтыру, асауды үйрету өнерін көрсетеді.

Фестивальға кіру тегін. Оған барғысы келетіндерді жеткізу жағы да қарастырылған. Орталық стадион мен «Астана» алаңынан әр 20 минут сайын арнайы автобустар жүретін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз