Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыдағы теракт: Күлікбаевтың сыбайластарына қатысты үкім шықты

Бұған дейін хабарлағанымыздай, судья Күлікбаевқа теракт жасағаны үшін өлім жазасын тағайындады. Сонымен қатар, Руслан Күлікбаевпен бірге атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, кәсіпкер Мещеряковтің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Рафик Лю, Жасұлан Сапарбеков, Дәурен Әсембекұлы, Ербол Құсайынов, Нұрсұлтан Әбдімомындарға қатысты сот үкімі оқылды.

Сот үкімімен Рафик Лю ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі, 288-бабының 1-бөлігі, 287-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, түпкілікті жеке мүлкі тәркіленіп, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу белгіленді.

Жасұлан Сапарбеков ҚР ҚК 192-б.4-б; 287-б, 4-б кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және жазаны түзеу колониясының қатаң режімінде өтеу тағайындалды.

Ербол Құсайынов ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын түзеу колониясын қатаң режімінде өтейтін болады.

Дәурен Әсембекұлы ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүлкі тәркіленіп, 10 жыл бас бостандығынан айырылды.

Нұрсұлтан Әбдімомынға ҚР ҚК 187-бабының, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейді. Кепіл ретінде алынған бұлтарпау шарасы өзгеріп, сот залынан қамауға алынды.

«Кепіл ретінде алынған мүлік заңды иелеріне қайтарылсын», – деді Үкімді оқыған судья Ерлан Болатов.

Айта кетейік, бүгін судья Ерлан Болатов Руслан Күлікбаевқа қатысты сот үкімін оқыды.

«Руслан Күлікбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы, 4-бөлігі (лаңкестік акт), 99-бабы, 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-б. 4-б. (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-б. 4-т. (заңсыз қару тасымалдау), 288-б. 2-б. (қаруды заңсыз жасау), 287 бабының 4-бөлігімен, 291-б. 4-б. (қару ұрлау), 200-б. 4-б. (көлік ұрлау), 126-б. 2-б. (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша, 58-бабының 4-бөлігін басшылыққа алып, жеке мүлкі тәркіленіп, өлім жазасы тағайындалсын», – деді үкімді оқыған судья Ерлан Болатов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз