Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыдағы автобус жүргізушілері: Бізге қарағанда аула сыпырушы көп айлық алады

101

“Яғни, қазір қалада жолаушылардан жүргізушілердің жалған билет немесе билеттерді мүлде бермеу жағдайларына байланысты арыз көп түсіп жатыр. Бұл арыздар бойынша шара қолданбаймыз. Сәйкесінше, жүргізушілердің көбінде жоспар орындалмайды. Жұргізушілердің “Оңайдың” бос билеттерін тарату жағдайлары жиі болады. Сонда күніне олар 50-100 бос билет таратады. Ал осымен ұсталып, әрбір бос билет үшін кассаға 80 теңгеден төлеткен кезде олар наразы болады”, – дейді Күлішев.

– Біз оларға жұмысқа шығып, кәсіподақтармен бірге барлық қиындықты талқылап алыңдар деп бірнеше рет айтқанбыз. Таңертең 40 шақты автобус шықпай қалды, бірақ қазір қосымша жүргізушілер келіп жатыр, түске дейін барлығы шығады. Келіссөз жүргіземіз, бізде кәсіподақ бар. Бізде әрбір жүргізушімен келісім комиссиясы жұмыс істейді, арыздарын тыңдайды, – дейді парк әкімшілігіндегілер.

№121 бағыттағы автобус жүргізушілерінің бірі жоғары айлыққа қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.

“Бұрын “Алматыэлектркөлікте” жұмыс істеген кезде 14-15 күнде 120-150 мың теңге алатынбыз. Сол жоспарлар болатын, сол жұмыс күндері, сол уақыт. Бұрын қалай істедік, солай істеп келеміз, ал айлық кеміп қалды. Осы айда кейбіреулер 40, 60 мың теңге алды. Жоспарды күнде көтереді. Жоспарды көтерсін, жарайды, біз келістік. Бірақ бұрынғыдай 120-150 мың төлесін. Айлық төмен, аула сыпырушылар бізден көп алады”, – дейді ер адам.

https://www.youtube.com/watch?v=vz2CezHaeXA

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз