Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы атыс: ауруханада тағы екі полицей қайтыс боп кетті

Соның салдарынаен  полицияның аға сержанты Сері Әбілдаев пен полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев аурханада көз жұмды.

Абильдаев С.Е.Полиция аға сержанты Әбілдаев Серік Еркінұлы, 1973 жылы туған, Алматы қаласы ІІД-нің Жергілікті полиция қызметі жол-патруль полиция полкінің полицейі, ішкі істер органдарында 1994 жылдан қызмет еткен. Қызымет еткен жылдарда 1-,2-, 3-дәрежелердегі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» кеуде белгісімен, ҚР ІшкіІсМині және Алматы қаласы ІІД-сінің грамоталарымен бірнеше дүркін марапатталған. Отбасылық жағдайы – үйленген, асырауында тәрбиелеп отырған 3 қызы бар.

Рахматуллаев М.Н.Полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нұридиллаұлы, 1992 жылы туылған, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы, ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызымет еткен. Қызмет еткен уақытта ҚР ІшкіІсМині және Алматы қаласы ІІД-сінің грамоталарымен бірнеше дүркін марапатталған. Отбасылық жағдайы – үйленген.

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Серік Әбілдаев пен Мейрамбек Рахматуллаевтың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты олардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, шын жүректен көңіл айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз