Алматыдағы кісі өліміне әкеп соққан жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1945 жылы туылған қарт велосипедші Бекмаханов көшесінің бойымен жол шетінде келе жатқан. Жол жиегінде тұрған SsangYong автокөлігін айналып өту үшін солға қарай ойыса бергенде оны арттан ақырын келген Foton жүк көлігі қағып кеткен деседі.
Велосипедші тура жүк көлігінің астына құлап, ауыр мәшине оны артқы дөңгелегімен таптап өтіпті.
Өкінішке қарай, велосипедші жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.