Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Алматыда түсік тастаған әйел дер кезінде жәрдем бермеді деп дәрігерлерді сотқа берді

Фельдшерлер науқасты қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізеді. Айтуынша, қабылдау бөліміндегі мейірбикелер екі қабат әйелге облыстық клиникалық ауруханаға баруға кеңес береді. Ал гинеколог-дәрігерлер дер кезінде келмеді дейді.

“БСМП ауруханасына келгенде Күләш Фариховна облыстық ауруханаға апару керек деді. Себебі бұл Қарасай ауданында тіркеуде екен деді. Менімен бірге келген жедел жәрдем фельдшері де қабылдауды сұрады. Қабылдай алмаймын деп, дәрігердің атынан шешім қабылдады. Медбике болып тұрып, ол маған дәрігерді шақыру керек еді”, – дейді Гүлсім Қожахметова.

Ауруханадан қайыр болмаған соң, жүкті әйел өз денсаулығын сақтандырған жеке клиникаға хабарласады. 40 минуттан соң медицина орталығының дәрігерлері алып кеткен. Бірақ іштегі шарана шетінеп кеткен дейді. Алайда аталған аурухана басшыларының уәжі басқа. Науқастың дәрігерді күтпестен кетіп қалғаны бейнебақылау камераларында тіркелген дейді.

“Ол кісі келгенде дәрігерлер астындағы қабылдау бөлімінде гинекология кабинетінде болмаған. Бір дәрігер операцияда болмаған, екіншісі үстіңгі қабатта науқас шақырып, қолы тимеген. Ал дәрігерлер астына түскенде, ол науқас кетіп қалған”, – дейді Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасының ішкі бақылау қызметінің маманы Үсенғали Исайынов.

Құрсағындағы шаранасын жоғалтқан атыраулық әйел аурухана мамандарын сотқа берген. Шілде айынан бері қаралып жатқан іс бойынша куәгерлер сұралып біткен. Тараптардың қайсысы дұрыс әрекет етпеді деген мәселеге Алмалы аудандық соты нүкте қоюы тиіс. Шағымданушы тарап соттан енді тиісті медициналық сарапатама тағайындауды сұрап отыр.

“Қай қалада болмасын, пропискада болсын-болмасын жедел медициналық көмек көрсетуі керек еді. Бұл жерде жедел жәрдеммен келіп отыр”, – дейді адвокат Жалғас Серіпханқызы.

Аурухананың аты да айтып тұр ғой. Олар азаматша Қожахметоваға көмек көрсетеді. Одан бас тартқан.  Өз істеріне салғырт қарап отыр.

30 жастағы Гүлсім Қожахметова одан өзге үш баласы барын айтады. Төрт айдан бері сот табалдырығын тоздырып жүрген әйел денсаулығына келген зиянның өтеуі ретінде  ауруханадан материалдық өтемақы талап етіп отыр. Тараптар енді дүйсенбі 16 қазанда сотта кездеседі.

Дереккөз: Stan.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз