Алматыда Toyota Camry және Lexus автокөліктері соғысып, 3 бала зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ЖКО Жоғарғы Каменка ауданындағы Гроза көшесінде орын алған.
Куәгерлердің сөзінше, Toyota Camry автокөлігі оңтүстік, ал Lexus солтүстік бағытта қозғалып бара жатқан.
ЖКО салдарынан Lexus автокөлігінің ішінде отырған үш, бес және он үш жасар 3 бала зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Алматы полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.