Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйітін қаңғыбастармен бірге көміп тастаған

Десе де, бала көңілсіз. Тіпті, бұрынғыдай ойыншыққа да алдануды да қойыпты. Онсыз да көшеден табылғалы аурухананы паналаған бүлдіршіннің әке-шешесін сағынғаны айтпаса да түсінікті. Ал, баласын іздеп жүрегі ауырған ана жоқ. Полицейлердің айтуынша, Алла Волченко арақтан есін жиғалы ұлы жайлы бір рет те сұрамапты. Тергеу абақтысында түк болмағандай жатқан көрінеді. Алла Волченко мен оның азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмутдинов екі бірдей баласын тұншықтырып өлтіріп, ал мәйіттерін тоңазытқышқа тығып кеткен болатын. Үлкен ұлдың періштесі қағып аман қалды.

“Қанішерлердің қолынан аман қалған бала қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында. Десе де, дәрігерлер оны 10 күннен артық ұстай алмаймыз деп отыр. Жалпыға бірдей ережеге сәйкес, беті бері қараған соң бүлдіршін палатаны босатуы керек”, – дейді

Тағдыр тәлкегіне түскен кішкентай Рамиль инфекциялық ауруханадан кейін балалар үйіне ауыстырылады. Оның әке-шешесіне қатысты сот үкімі шыққанға дейін бала уақытша сол мекемені паналай тұрады. Соттың оны туған атасына беру, бермеуі әзірге белгісіз. Өйткені, күдіктілердің адвокаты Амангелді Сәриевтің айтуынша, тіпті қос сәбидің мәйіті туыстарына берілмей, аты-жөні жоқ қаңғыбастармен бірге көміліпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз