Алматыда Төле би көшесінде жол қозғалысы жабылады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қалалық әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін Алматыда жол жөндеуге байланысты сағат 15.00-ден 19.00-ға дейін Төле би көшесі учаскесіндегі Абылай хан даңғылы мен Фурманов көшесінің арасында көлік қозғалысы жабылады.
Жүргізушілерге маршрутын алдын ала белгілеп шығуға кеңес беріледі.