Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда тергеуші тәркіленген тауарды ұрлады деп айыпталып жатыр

Әзірге экономикалық тергеу қызметінің маманы да, оның сыбайласы да кінәсін мойындаған жоқ. Тіпті, бір-бірін айыптап отыр. Яғни, тергеуші заттай айғақтарды сараптамаға апара жатып, көлігімнен ұрлатып алдым дейді. Ал, қымбат алтындарды ломбардқа өткізген екінші айыпталушы алтындарды ломбардқа өткізгенін мойындады. Бірақ, Мемлекеттік кіріс департаментінде жұмыс істейтін досының арам пиғылынан бейхабар болғанын айтып, ақталуда. Сондықтан, тағылған айып мүлдем негізсіз деп отыр.

“Іс материалдарында менің қорғауымдағы азаматтың қылмысқа қатысы барын растайтын ешқандай дәлел жоқ. Ол кінәсіз. Сондықтан, Рустам Өтегеновке қатысты қылмыстық іс заңсыз қозғалған деп ойлаймын. Соған қарамастан, ол 3 айдан бері абақтыда отыр”, – дейді адвокат Александр Блок.

Экономикалық тергеу қызметінің маманы алтын сататын кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде оның тауарларын түгелдей тәркілепті. Зардап шегушінің айтуынша, қолында жалпы соммасы бір миллион доллардың алтыны кеткен. Тергеуші сол бұйымдарды камераға өткізбей, жарты жыл бойы кабинетінде ұстапты. Кейін айғақтарды сатып, мол пайдаға кенелген көрінеді. Индира Бердібекова өз әшекей бұйымдарын Алматыдағы ломбардтардан тапқанын айтады. Енді, сот жағалап, соны қайтарып алуға тырысып жүр.

“Алматы қаласының кірістер департаментіне сұрақ: Қайда қарап отыр басшылықтары? Неге менің алтындарымды қадағаламаған? Неге оны камераға қоймаған?! Осы қарамаудың кесірінен қазіргі кезде мен осындай дәрежеде, өз алтындарымды іздеп, соттан сотқа тозып, 1 жылдан бері осындай жағдайда жүрмін”, – дейді  зардап шегуші Индира Бердібекова.

Тіпті, айыпталушылар сатқан алтынның ақшасын казиноға салған деген де күдік бар. Қазір ол екеуі тергеу абақтысында жатыр. Ал, дәл қазір, мына ғимараттың ішінде қос күдіктіге қатысты кезекті сот отырысы өтуде. Онда айтылған ақпараттарды кешкі жаңалықтардан көрсетеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз