Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
9
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Алматыда тәнін сататын элиталы жезөкшелердің «ордасы» анықталды (фото)

342

ҰҚК басқармасының сөзінше аталған топ мүшелері Алматы қаласы бойынша бір жылдан астам уақыт қалталы байларға интимдік қызмет көрсететін элиталы жөзекшелерді басқарып, астыртын жұмыс істеген. Олар жасы 18 бен 25 аралығындағы 80-ге жуық жас жезөкшелерді қалталы азаматтарға сағатына 100 мың теңгеден «Элита сылқым» деп сатып отырған.

 

«Анау-мынау қыздар жарамайды»

Жедел өкілдердің сөзінше, бұл қылмыстық топта қызмет көрсететін қыздар «анау-мынау» емес.

«Элита сылқым болу үшін бойы 175 см кем емес, денесі сымбатты, әрі түрі де әдемі, арық, ең бастысы жасы 18-ден енді асқан жас қыздар ғана іріктелініп алынған.

Бұл бойжеткеннің біразы Алматыдағы белді оқу орындарының 1-2 курс студенттері, тұрақты жұмысы бар қыздар, ал бірнешеуі –шетелден жезөкшелікпен айналысу үшін Қазақстанға арнайы келгендер», — дейді жедел өкіл.

 

Айлық табыс 2,5 миллилон теңге

Қылмыстық топты «Еля геморой» деген лақап аты бар бұрынғы жезөкше басқарыпты. Ол Алматыдағы ең қымбат 16 сауна әкімшілерімен және жиырма шақты таксистпен бірлесіп жұмыс істеген.

Сауна қызметкерлері Еля геморойға тапсырыс береді. Жеңгетай операторға телефон арқылы қай қыздың қай жерге баруын тәптіштеп айтады. Ал оператор 20 таксистке хабарласып, жұмысты және ақшасын түсіндіреді. Жүргізушілер болса, өздеріне тиеселі қыздарды аталған мекен-жайға апарып, сағатына қарап отырып ақысын алады.

Артынша жүргізушілер жұмысы біткен қыздарды келесі тапсырысқа, жиналған ақшаны басшыларына тасып отырған. Ұйымдасқан банда табысты арнайы тәртіппен бөлісіпті.

Мәселен 100 мың теңгенің 10 000 теңгесі сауна әкімшісіне, жезөкшеге — 45 000, 10 000 теңге жүргізушіге беріліп, қалған 35 000 теңге таза пайда ретінде Еля геморойдың қалтасына түскен.

ҰҚК басқармасының мәліметінше, басты жеңгетей телефонда отырып-ақ айына 2,5 миллион теңге кіріс көріп, бір жылда байып алған.

 

Әр жезөкшенің жүргізушісі мен көлігі бар

Операция барысында тапсырысқа қыз апара жатқан жүргізушілер мен элиталық сылқымдар да құрықталды. Арнайы жасақты көрген бойжеткендер сасқандарынан бар шындықты жайып салып, «жезөкшелікке жоқшылықтан» барғандарын айтып ақталуда.

Десе де оңай табыстың дәмін татқан қыздар «ақша жоқ» деп жылағанымен, кейбірінің көлігі мен жүргізушісі бар болып шықты. Ал жеңгетай Еля геморой мен таксист жүргізушілерді тергеу барысында қылмыстарын бірден мойындады.

Барлығы сотталады

Аталған қылмыстық ұйым соңғы 3-4 жылда қолға түскен ең ауқымды жезөкшелер тобы. Топ серкесі «Еля геморой» кезінде аты бүкіл Қазақстанға белгілі болған жеңгетай «Мама Розаның» шәкірті екен. Ұстазы 2014 жылы 7 жылға түрмеге қамалған соң кәсібін жалғастыруды өз қолына алған.

Елдегі заңды бес саусағындай білетін жезөкше полицейдің құрығына ілікпес үшін күйеуге тиіп, бала туып, ерекше жоспар құрыпты. Тіпті, ол қолына кісен салынғанда да саспады. Десе де, 80 қызды жезөкшелікке сатқан қылмыскерлерлердің үстінен Қылмыстың кодекстің 309 бабы, 2 тармағы бойынша іс қозғалды. Егер кінәлары дәлелденсе «Мама Розаның» артынан 5-7 жылға абақтыға жабылуы мүмкін.

Ал, элита сылқымдардың барлығының аты-жөні Алматы қалалық ІІД-нің жезөкшелер тізіміне жазылады. Енді олар «тәнін саудалаушылар» ретінде полицияның жіті бақылауында болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы — жезөкшелердің қордаланған ордасы болып саналады. Қалалық ІІД қара кітабында 2000-нан астам қазақстандық әйел «жезөкше» ретінде тіркелген.

Суреттер nur.kz сайтына тиесілі. 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз