Алматыда барахолкада бутик өртенді. Куәгерлер оқиға орнынан видеолар жолдап жатыр.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті базарда өрт болғанын растады.
«2017 жылдың 4 шілдесінде сағат 08.35-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің «101» пультіне Алатау ауданында бутиктің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Өрт сөндіріліп жатыр», — деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел түрде өрт жайылып кетпей тұрып, төтенше жағдайды тоқтатты. Халық тұтынатын тауарлар сататын екі контейнерде өрт шыққаны анықталды. Өрт сағат 09.06-да сөндіріліп, сағат 09.20-да ауыздықталды. Өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыды», — деді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.