Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда сурет мектебі ашылды

Ал мына жаңадан ашылған сурет мектебі тыңдаушыларды суретке түсірудің қыр-сырына баулиды. Жаңа технологияның жетістігімен жасалған фотоаппарат немесе ұялы телефоннан бөлек мұнда таспаға түсіретін құралдар да бар.

Дарья Дунич, сурет мектебінің жетекшісі:

Бұл жоба жастарды өнерге баулуға арналған. Оны жалғыз алып жүру әрине қиын. Алайда сурет өнеріне құштар жандардың қолдауының арқасында қолға алған ісіміз дұрыс бастау алып келеді.

Максим Золотухин – мектептегі ұстаздардың бірі. Ол сурет өнеріне журналистика саласынан ауысып келген. Суретші негізінен табиғат көріністерін түсіреді екен. Максим курсқа қатысушыларға қаланың тамаша табиғатын суретке түсіру шеберлігін үйретеді.

Максим Золотухин, суретші:

Тамаша көріністі суретке түсіру оңай емес. Көз тоятындай туынды болу үшін 3-4 жыл бойы ұтымды сәт пен ыңғайлы орынды іздеп жүресің. Кейде оны күтпеген жерден кездестіресің. Ал күн сайын қайталанып тұратын оқиғаларды түсіру қиын емес.

Айта кетейік, бұл мектепте әр жексенбі сайын тегін шеберлік сағаттары өтіп тұрады. Тәжірибелі мамандар шақырылып, суретке түсіру өнерінің қыр-сырын түсіндіреді.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Ерлан Әбдірахманов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз