Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Алматыда соңғы күндері жауған қардың биіктігі 25 сантиметрге жеткен

Әкімдіктегілердің мәліметінше, 15 қаңтар күнгі сағат 7-00-дегі жағдай бойынша, соңғы тәулікте 9 900 текше метр қар шығарылған. ​Коммуналдық қызметтер қар жауған кезден бастап жолдарға мұзды ерітетін материалдарды сеуіп жатыр, жолдың жүретін бөлігінен және жаяу адамдар жүретін жерлерден қарды күреп жатыр. ​Қар тазалау жұмыстарына 600 бірлік арнайы техника, 2 100 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, аудандық әкімдіктерде және қалалық әкімдікте қарды тазалау жөніндегі жұмыстарды бақылау бойынша тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылғаны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, боран соғатыны хабарланған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз