Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
1
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Алматыда шұңқырға түсіп кеткен Mercedes көлігі жөндеуге жарамсыз болып қалды (фото, видео)

Заңгердің айтуынша, 5 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы «Рахат» шағынауданының төменгі жағында Mercedes автокөлігі шұңқырға түсіп кеткен. Шұңқырды құрылыс компанияларының бірі қазған. Жолдың көлденеңінен қазылған шұңқырдың тереңдігі 3 метрді құрайды екен. Алайда ол маңға ешқандай ескерту белгісі қойылмапты.

«Жолды қазып тастаған. Тіпті, ол қоршалмаған да. Жолдың бұл бөлігіне жарық та түспейді. Яғни шұңқыр қазылғанын білмейтін кез-келген адам түсіп кетуі мүмкін. Менің клиентім жұбайымен бірге осы шұңқырға түсіп кеткен. Бұл жағдай 5 қарашада түнгі уақытта орын алған. Ерлі-зайыптылар жарақат алған, бірақ Құдайға шүкір, аман қалды», – дейді заңгер.

 

 

Заңгердің сөзінше, 10 қараша күні дәл осы шұңқырға тағы бір көлік құлап кеткен.

«Бұл жолмен бүкіл шағынаудан тұрғындары жүреді. Мұнан бөлек тағы бір ескі жол бар. Шұңқыр туралы білетіндер сол ескі жолмен жүреді. Ал білмейтіндері, менің клиентім сияқты, осы жолмен жүрген. (…) Олардың миы шайқалған, басқа да жарақаттар алған.  Ал автокөлік жөндеуге жарамсыз. Біз 112 нөмірі арқылы ТЖД-не хабарластық. Бірақ бүгінге дейін ештеңе өзгермеді, жолдағы шұңқыр сол қалпы жатыр», – дейді Азамат Бурханов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз