Кез келген жол ережесін бұзушы түсіріп алады деп елді шулатқан „Сергек„ камерасының Алматының қай жерлерінде орналасқаны белгілі болды. Ондай камера саны – 35 екен.
Алматы-ІІ станциясында 2 кешен орнатылған. Абай даңғылында 4 камера орналасқан. Олар жылдамдықты белгілейді, сондай-ақ қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолаққа шығып кетпеуін қадағалайды. Мұндай кешендер Абай-Сейфулин мен Абай-Розыбакиев көшелерінің қиылысында орнатылды.
Әл-Фараби даңғылына 6 кешен орнатылды. Бұл камералар жол бойындағы жылдамдықты шектеу бұзушыларын анықтайды. BRT желісінде тағы 15 камера орналасқан. Бұл камералар арнайы жолаққа шығып кеткен жағдайды жазады.
Панфилов көшесінде 8 қауіпсіздік камерасы бар. Сондай-ақ, камералар жақын арада Тұңғыш Президент саябағы (12-13 жалпы бақылау камералары, сондай-ақ периметрі бойынша 3 кешен) жанындағы тұрақта болады. «Сергек» камералары бойынша заң бұзушылықтарға әзірге айыппұл салынбайды.