Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

«Бала ауруханаға түскенде қосарланған жарақат алғанын айтқан едік. Ашық бас ми жарақаты болғандықтан, алғашқы ота бас сүйегіне жасалды. Бала кома жағдайында жатты. Бірнеше күн бойы жағдайы ауыр болғандықтан, аяғына ота жасамадық. 4 күннен соң балақай есін жиды. Содан кейін ғана оң аяғының ортаңғы жілігіне ота жасалды. Қазіргі уақытта аяғының сүйектері жақсы. Балақай есін жиды. Сөйлеп, тамағын ішеді. Алайла әлі жансақтау бөлімінде жатыр», – дейді Дінмұхаммед Рузуддинов.

Естеріңізге сала кетсек, қазанның 12 жұлдызында Алматыдағы “Март” ойын-сауық сауда орталығының 3-қабатынан 2 жасар бала құлап кеткен еді. Дəрігерлер қойған диагноз бойынша, бала қосарланған жарақат, ашық бас ми жарақатын алып, ортаңғы жілігі сынған əрі кеуде, іш пердесі соғылған. Оқыстан орын алған оқиға Түркісіб аудандық ІІБ “қайғылы жағдай” ретінде тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз