Алматыда аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы мен қылмыстық топтың мүшелері деген күдікпен бірнеше адам ұсталды деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК).
Комитеті ақпаратына қарағанда, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков 30 мамырғңа қараған түні “ұйымдасқан қылмыстық ұйым қызметінің жолын кесу бойынша” арнайы операция кезінде ұсталған.
Арнайы қызмет ақпаратында ұсталғандардың саны көрсетілмейді, бірақ жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде “қылмыстық ұйымның жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталғаны” айтылады. Күдіктілерден “атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленгені” хабарланды.
Дереккөз: Азаттық