Алматыда полиция подполковнигі мен аға тергеуші 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің келтірген мәліметі бойынша, полицейлер 3 қаңтар күні ұсталған.
«Алматы қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының подполковнигі А.Григорьев пен ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі, капитан А.Нұрболатов жеке тұлғадан қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталды», – делінген хабарламада.