Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда полиция қызметкерлері ақша бопсалаған

Алдымен департамент директоры ағымдағы жылдың 10 айында ұлттық бюроның Call-орталығына 18242 телефондық хабарлама келіп түскенін мәлім етті. Оның айтуынша, қоңыраулардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша – 6849 қоңырау (37%), оның ішінде мемлекеттік қызметке түсу бойынша – 4301 қоңырау (23%), ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіретіне қатысты 2843 (17%) қоңырау түскен.

Осы орайда Арман Бердалин түскен қоңыраулардың басым бөлігін ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары – 79, білім беру саласының қызметкерлері – 20, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері – 16, 15 – денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қатысты шағым түсіргенін айтты.

Сонымен қатар департамент басшысы хабарлама арқылы ақша бопсалау фактісі анықталғанын жеткізді.

«Алматы қаласында 4,5 млн теңге айыппұлға Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Медеу аудандық ішкі істер басқармасының жедел өкілдері жауапкершілікке тартылды.

Олар ұрлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін алаяқтық туралы мәлімдеушіден 2 мың доллар көлемінде ақша қаражатын бопсалаған. Қылмыс Сall орталыққа түскен хабарлама негізінде анықталды», – деді ол.

Сондай-ақ департамент басшысы Қарағанды облысында 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына Осакаров аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі тартылғанын хабарлады.

«Ол күдіктіге қатысты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі қысқарту үшін 1000 доллар сомасындағы параны алған», – деді Арман Бердалин.

Оның айтуынша, Ұлттық бюроның Call-орталығына түскен хабарламалар негізінде тергеу жүргізілген. Нәтижесінде 2 қылмыстық іс сотқа жолданған және үкімдері шыққан, 1 қылмыстық іс өзге органға жолданған, 4 қылмыс құрамы болмауына байланысты қысқартылған.

Бұған дейін, Арман Бердалин,Атырауда облыстық мәслихат депутаты ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз