Қазан айынан бастап Алматы қаласында пәтер жалдап тұрушылар мен пәтер иелері тексеріледі.
Бұл туралы Медеу ауданының Мемлекеттік кіріс басқармасы хабарлайды.
Осы уақытқа дейін жалға берілген үйлер 25 қыркүйектен бастап тексерілетіні айтылған. Алайда салық төлейтін адамдардың қатары көбейгендіктен, аталған тексеріс 2 қазанға шегерілді.
Соңғы екі күн ішінде Медеу ауданының өзінде 25 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тіркелу үшін жергілікті ХҚКО-ға жеке куәлікпен бару жеткілікті. Тіркелу тегін жүргізіледі. Ал пәтерін заңсыз жалға берген адамдар туралы 272-11-34, 267-71-70 нөмірлеріне хабарласып айтуыңызға болады. Хабарласқан адамның есімі жасырын болмақ.