ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 2-қазанда №78460 бөлімінде болғанын нақтылады.
„Қайғылы оқиға 2-қазанда Алматы маңындағы Первомайский ауылында орналасқан №78460 әскери бөлімшесінде орын алды„ деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Түнгі нарядқа түскен екі сарбаздың бірі – Вербицкий өз-өзіне қол салған. Оқиға орнынан хат та табылды. Онда ол өз өліміне ешкімді кінәламайтынын жазыпты. Сарбаз биыл мамыр айында әскер қатарына алынған екен.