Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда “Нұр Отан” партиясына келіп түсетін арыздың басым бөлігі – баспана мәселесі

123

2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп берген «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Байғали Әбдәліұлы бұл ретте нақты мысалдар да келтіре кетті.

– Бірде маған Қызылорда қаласының тұрғынынан өтініш-хат келді.

Ұзақ жылдардан бері жас ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан ұлағатты ұстаз, Алматы қаласының Бостандық ауданынан ипотекаға үй алады.

Девальвация кезінде, несие берген банк бұрынғы курс 150 теңгемен емес, соңғы курс 340 теңгемен төлеуге мәжбүрлейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаменті басшысының атына жолдаған хатымның арқасында мәселе оң шешіліп, өтініш иесі ескі курспен несиесін төлеп, жаңа пәтеріне
кіріп алды, – дейді ол.

Тағы бір мысал.

– Тарихи Отанына оралғанына талай жыл өтсе де, мемлекет тарапынан берілуге тиісті баспанаға кейбір шенеуніктердің кесірінен қол жеткізе алмай келе жатқан С. есімді оралманның хат жазбаған жері, есігін қақпаған мекемесі қалмаған. Оның бәрін тізіп жатпай «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі мен ҚР Бас прокуратурасынан алынған жауаптарды, біздің филиалдың атынан Алматы облыстық прокурордың атына жазған хатымызға келген жауаптарды, ең соңында Қазақстан Президенті аппаратынан келген жауапты, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Қамкенұлы Жүкеновтың бізге келген кезінде өткізген жеке қабылдауынан кейін, әділеттілік жеңіп, өтініш иесінің кезегі қалпына келтірілді, – деді Байғали Әбдәліұлы.

Айта кетелік, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында бекітілген кестеге сәйкес, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары әр тоқсанда 1 рет, ал көрсетілген мерзімде 3-4 рет өз сайлау округтерінің ғана емес, жалпы сайлаушыларды қабылдап күрмеуі қиын мәселелерін шешуге ықпал етті.

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көрсетілген мерзімде барлығы – 402 өтініш келіп түскен болса, оның – 164–іне түсініктеме беріліп, 161 мәселе оң шешімін тауып, өтініш иелерінің ілтипатына ие болды. Одан басқа 100-ге жуық (99) өткізілген қоғамдық қабылдауларда қаралған – 77 жазбаша өтініштер.

Келіп түскен барлық өтініштерді тақырыптар бойынша жіктегенде, нәтижесі төмендегідей болып шығады: білім беру саласы бойынша – 32; денсаулық сақтау саласы – 26; әлеуметтік қамтамасыз ету саласы – 40; тұрғын үй және жер телімін бөлу – 61; жұмыспен қамту және еңбекақы төлемеу – 52; тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелері – 78; бизнес және кәсіпкерлік – 11; несие, ипотека, қайта қаржыландыру – 13; сот және құқық қорғау жүйесіне – 19 (оның ішінде ішкі істер органы қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым – 13); жалпы шағымдар – 42 (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге шағым – 8); ұсыныстар мен басқа сұрақтар – 15.

Статитсиканы келтірген басшы адамдарды қабылдаудағы тәжірибесімен де бөлісті:

– «Баратын жері, басатын тауы қалмай», еш жерден әділеттілік таппаған соң азаматтар ең соңғы үмітпен «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдауына именге басып келіп жатады. Олардың қатары күннен-күнге көбеймесе азаймайды. Жылап келгенді жұбатып, құлап қалғанды тұрғызып, жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдағанда ғана ел-жұрттың ілтипатына ілігуге, үзілген үмітін жалғауға, сенімін ақтауға болады. Әйтпесе қалған істің бәрі далбаса. Келген адамның қасы-қабағына қарамасаң, ол адам екінші рет бұл есікті ашпайды, таныс-тамырларына теріс ақпарат таратады. «Нағып келдің, неге қайта-қайта келе бересің» – деуге тіпті болмайды.

Тіпті, түскі демалыс деп шіреніп отырмай, уақытпен санаспай адамдарды қабылдай беру 6 жылдан бергі әдетіме айналды деп айта аламын.

Дүниеде болып жатқан әділетсіздік ақынның жүрегі арқылы өтеді дегендей алдыма келген адамның проблемасын өзімнің жеке проблемамдай көремін, оны шешкенше байыз таппаймын.

Түсі игіден түңілме деп бекер айтылмаған, кейбір шағым иелері жылы қабылдағаным үшін ғана рахмет айтып жатады, ондай кезде өзімнен-өзім қысылып, «не үшін маған рахмет айтып жатырсыз, мен Сіздің мәселеңізді әлі шешкенім жоқ қой» – десем. Әңгіме мәселенің шешілуінде емес, Сізлің жылы қабылдауыңыз мәселемнің шешілгенінен кем емес – деп айтқан азаматтар аз болған жоқ. Сондықтан да әріптестеріме, қоғамдық қабылдауда қызмет атқаруға келдің бе, онда өзіңді ұмыт. «Халқымның табанына батқан шөңге маңдайыма кірсін» – деп тіле. Тек сонда ғана нәтиже шығады. Ал жұмыс уақытым қашан бітеді, мына адамдар қашан кетеді, немесе менің түскі үзілісім 2 сағаттан кейін бітеді, сонда кел -деп қуып жіберуге әсте болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз