Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда мұз түсіп, көз жұмған әйелге қатысты әкім өз ойын айтты

103

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Қазіргі уақытта полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

“Тергеу нәтижесі бойынша шаралар қабылданады. Алматы қаласын абаттандыру ережелеріне сәйкес, қаланы тазарту жұмыстары, соның ішінде шатырлардағы мұз кесектері үшін ғимарат иелері өздері жауап береді.

Ол тұрғын үй ғимараты болса, оған басқармадағылар немесе пәтер иелерінің кооперативі жауап береді. Бұл өте қайғылы жағдай (…)”, – деді әкім.

Бостандық ауданы әкімдігіндегілердің мәліметінше, оларға мұз кесектеріне қатысты шағымдар түсіп жатыр. Ол жерге мамандар барып, ПИК қызметкерлерін шақырып, мұз кесектерін алып тастауды тапсырады.

Сондай-ақ, Алтай Рахымбетов үкіметтегілерге ПИК қызметін бақылауды өзгерту туралы ұсыныс жолдағандарын айтты.

“ПИК қызметінде бірнеше кемшілік бар”, – деді Рахымбетов. Оның айтуынша, Бостандық ауданында 1770 көпқабатты үй бар. Аудан әкімі жергілікті тұрғындардан ғимараттарда мұз кесектерін байқаған жағдайда әкімдіктегілерге хабарлауды сұрайды.

Еске сала кетейік, 20 қарашада алматылық әйелдің басына мұз түсіп мерт болғаны хабарланған болатын. Оқиға күндізгі уақытта Марков көшесінің бойындағы 9 қабатты кеңсенің алдында болған.

“Оқиға жазатайым жағдай ретінде қарастырылып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деген еді Алматы полициясының өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз