Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда мыңнан астам үйді сүріп тастайтын болды

Светлана Вострикова үш жылдан бері үйін бұздырғысы келмей жүр. Ал ғимарат қабырғаларының жарықшақтанып, көгеріп кеткені байқалады. Үш жыл бұрын ғимаратты талапқа жарамсыз ден танып, жаңа үйге көшуді ұсынған. Үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша ескі үйлерге жақын маңнан салған. Жаңа баспана құрылысын мұқият бақылаған Светлана бірқатар ереже бұзушылықтарды байқағаннан кейін ескі баспанасын тастап көшіп баруға бірден қарсы болыпты.

“Құрылыстың қалай жүргенін көрдім. Құрылыс кезінде біраз қателік жіберілді. Заңгер ретінде мен тиісті органдарға шағым түсірдім”, – дейді Светлана.

Ал Ольга Пенкина болса, қаусаған үйде әзер тіршілік кешіп отыр. Жаңа үйдің салынуын асыға күткен отбасы, мына баспана тұру мүмкін емес дейді.

“Сылағы біресе анда, біресе мұнда құлайды. Қабырғалардан да күй кеткен”, – дейді ол.

Қазіргі таңда 10 мыңнан астам алматылық қираудың аз-ақ алдында тұрған үйлерде өмір сүріп жатыр. Тұрғындар ескі баспанасын қаланың кез-келген ауданындағы жаңа пәтерге ауыстыра алады немесе ескі үй орнына жаңа құрылыстың басталуын күтуге құқылы.

Бағдарлама басталғаннан бері Алматыда 100-ге жуық баспана сүрілген. Қазірдің өзінде 1034 үй қауіп алдында тұр. Үйлер алдағы 7 жыл ішінде кезең-кезең бойынша бұзылмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз