Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріп із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Оның жақын құрбысы Томирис Аманжолдың айтуынша, талапкер 10-шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назаркенің өзі Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады.
Оның айтуынша, Назерке Әріп биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10-шілдеде жоғалғанын айтты.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.