Таяуда Алмалы аудандық полиция басқармасы мен криминалды полиция басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ мамандарымен қала аумағында үй тонаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аң терісінен жасалған ішіктерді қылмыстық жолмен иемденген ұрылардың көлігінен тәркіленді.
Тергеу барысында фигуранттардың Шығыс Қазақстан облысының 25-29 жас аралығындағы тұрғындары екені анықталды. Олар Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандарында кем дегенде төрт пәтерді тонау дерегі бойынша қатысы бары белгілі болды. Олар тек күндіз жұмыс істеген.
Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға бар-жоғы анықталып жатыр Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр.