Алматыда көмірдің бағасы түсе бастады. Бұл туралы мәліметті көмір сатып алғандар Ват-сап желісі арқылы бөліскен.
Әзірге, баға Қаражыра көміріне қатысты түскен. Осыған дейін оның 1 тоннасы қойма басында 15 500-16 000 теңгеден саудаланған, ал қазір ол 12 500 теңгеден сатылып жатыр екен. Әрине, ұзын-сонар кезек әзірге жойылған жоқ.