Түнде Алматыдағы жан түршігерлік жол апатына 27 жастағы жігіт қаза тапты. Марқұм тізгіндеген Toyota теміржол көпірінің тіреуіне барып соғылған.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Көліктің қатты ұрылғаны сонша, ол ортасынан қақ бөлінді. Ал, жүргізушісі жедел жәрдем келмей жатып көз жұмған. Оның қасында отырған жас қыз болса, қазір ауруханада тым ауыр хәлде жатыр. Марқұм белгісіз себептермен рөлге ие бола алмай қалған дейді сақшылар.