Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыда қызылша дерті өршіп тұр

566

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылша – өте өткір жұқпалы ауру. Ол науқас адамнан жұғады. Жұқпаны жұқтырған адам 7-ші күннен бастап айналасына қауіп төндіре бастайды. Адамның денесіне қызыл бөртпелер шыққаннан бастап арада 4 күн өткенде жұқпаның ауаға таралуы тоқтайды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурумен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ал екпе қабылдамаған адамдарға бұл ауру балаларға қарағанда екі есе ауыр тиеді. Көктем-қыста қызылша ауруы көп белең алады. Ал тамыз-қыркүйекте бәсеңдейді.

«Қызылшаны басқа аурулардан ажырату оңай. Басында алғашқы белгілері жай тұмаумен бірдей болады. Дене қызуы, жөтел, мұрынның бітелуі, тағы басқа белгілері бар.

Содан кейін азу тістердің түбінен қызыл бөртпелер шыға бастайды. Вирус шырышты қабықты бұзады. Бұл қызылшаның басқа аурулардан айырмашылығын білдіреді»,- деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер қызылша ауруын жұқтырмас үшін екпе алмаған азаматтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармау жөнінде кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз