Алматыда бойжеткен қыз баламен онлайн танысып, үйіне барған жігітті «екі ағасы» тонап кетті. Қалалық полиция деректеріне сүйенсек, қылмыс Алмалы ауданында болған. Қызбен кездесуге барамын деп заттарынан айырылды.
Жәбірленуші ер азамат танысу сайты арқылы бір қызбен танысып, оның үйіне барған. Алайда кездесудің ортасында қыздың екі танысы келіп, жәбірленушіні қорқытып, жеке заттарын тартып алып, оқиға орнынан ізін жасырған.
Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан бұл жағдайдың қаланың басқа аудандарында да тіркелгеніне назар аудартып, азаматтарды абай болуға шақырды.