Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда қытайлармен жататын жезөкшелер ұсталды (фото, видео)

342

«Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «GC» деп аталатын караоке-клубтың қожайындарын ұстау шарасын жүзеге асырды. Бұл клубтың қызметі тек қана шетел азаматтары үшін жабық режимде жүзеге асырылып отырған. Мұнда клиенттерге интимді қызметтер көрсетіліпті.

Рейд кезінде интимді қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталған. Сонымен бірге клубқа келушілер де құрықталды. Олар көбінесе шетел азаматтары, сонымен бірге бұл қылмысты жасады деп күдікке ілінген жалға алушылар”, – дейді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Айдын Кокамбеков.

Қыздардың қызметін қолданатындардың көбісі қытайлықтар, жапондықтар және кәрістер болып шықты.

Бұл көңіл көтеру орталығын әйелі мен күйеуі ұстап отыр. Цой әулетінің отағасы қожайын болса, оның жұбайы бұл жерді басқарып отыр.
Мекеме тек қана ауқаттыларға арналған. Себебі мұндағы элиталы алкоголь өнімдерінің ең арзаны 70 мың теңге тұрады.
Сондықтан клуб қонақтары тек қана шетелдіктер.
https://youtu.be/A5TmtDMwsGo

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз