Еліміздегі ірі зауыттың бірінде тінту жүргізіліп жатыр.
Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратура қызметкерлері мен жасағы арнайы операция жүргізді. Олар еліміздегі ең ірі зауытты қоршап, тінтуге алды деп хабарлады КТК телеарнасы.
Зауыттың қожайыны белгілі кәсіпкер, ол ұзақ уақыт бойы белді қылмыстық топты басқарып келген.
Қазақстандық кәсіпкерлердің зәре-құтын қашырған рэкетир ақыры ұсталып тынды.
Арнайы операцияға қатысты толыққанды мағлұмат алда тағы берілетін болады. Әзірге, бар ақпарат осы.