Алматыда жексенбі күні ажалды жол апаты орын алды, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза болды.
Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Алматыда Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі жөндеу жұмысын жүргізу орнында қоршауды бұзып, жылу трассасының құбырына соқтығысты. Салдарынан ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, Volkswagen белгісіз себептермен қатты жылдамдықпен жөндеу жұмыстары аумағына кіріп кетіп, ескерту белгілерін бұзып кетті. Автокөлік жылу трассасының құбырына соқтығысты. Жүргізуші көлікте қысылып қалып, оқиға орнында көз жұмды.