Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда қазақ тарихына қатысты үш кітаптың тұсаукесері өтті

122

Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас» атты жинағына автордың 1996-2015 жылдары Қазақстан баспасөзінде жарияланған ғылыми мақалалары, келелі сұхбаттары мен естеліктері енгізілген. Ол екі томнан тұрады. Жинақтан ғалымның тарихқа жаңа ғылыми ой-тұжырымдарын, қоғамдық-саяси концептуалдық өткір пікірлерін, тарихи тұлғалар туралы, көзі көрген белгілі адамдар жайлы жазған құнды да қызықты материалдарды оқи аласыздар.

«Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» – ХІ-ХІІІ ғасырларда Алтай, Ханғай аралығында салтанат құрған Найман хандығының тарихы мен мәдениетінің құнды мұраларын зерттеуге арналған алғашқы монография. Зерттеу желісі қазақтың найман тайпасының ХІХ ғасырға дейінгі тарихи оқиғасын қамтиды. Монографияда Найман хандығының саяси құрылымы, этнодемографиясы, наным-сенімі, мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс салты жан-жақты талданған. Қазақ мемлекеттілігі тарихы қазір де зерттелу үстінде. Қазақ мемлекеттілігіне Найман ұлысының қосқан өзіндік үлесі бар.

Автордың көп жыл ізденістерінің нәтижесінде мемлекеттілік тарихымыздағы ақтаңдақтарының бір парасы бүтінделіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламамыздың аясында жарық көріп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз