Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда карантин режимі сақталады — жедел штаб

697
Сурет: Максим Золотухин

Яғни қала аумағы бойынша орналасқан блок-бекеттердің жұмысы бұрынғы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қалада жүргенде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары қатаң сақталуға тиіс. Оған қоса Штабтың шешімімен қалада жұмысына рұқсат етілген кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне ғана жүріп-тұруға болады. Атап айтқанда:

— мемлекеттік және құқық қорғау органдары;

—  коммуналдық қызметтер;

— өнеркәсіп;

—  құрылыс;

— жобалық ұйымдар;

—  жылжымайтын мүлік агенттіктері;

—  ХҚКО (заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін);

—  нотариустар;

—  адвокатура;

— азық-түлік дүкендері мен базарлар;

— кафелер мен мейрамханалар (өзімен алып кетуге ғана болады);

— медициналық клиникалар;

—  стоматология;

— зертханалар;

— дәріхана;

— көлік және логистика;

— дистрибуция;

— ЖҚС;

— онлайн жеткізу;

—  Екінші деңгейдегі банктер және басқа да қаржы ұйымдары (50%-ға дейін);

— сақтандыру;

— ломбардтар;

—  бизнеске арналған кәсіби қызметтер (консалтинг, аудит және бухгалтерлік қызметтер);

—  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

— азық-түлік емес дүкендер, жалпы ауданы 500 м2 дейін;

— ТҚС, көлік жуу және шиномонтаждау;

—  шаштараз;

— фотосалондар;

—  гүл павильондары;

— химиялық тазарту (кір жуу орындары);

— техника және аяқ киім жөндеу орындары;

—  баспа үйлері;

— айырбастау пункттері;

— ветеринарлық қызметтер.

Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін).

Осыған байланысты азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертіледі. Карантинді бұзу (қызметті рұқсатсыз жүзеге асыру, оның ішінде жұмысқа шығу) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз