Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда «Іскерлік журналистика мектебі» жобасы аяқталды

Қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистер ортасын қалыптастыруды мақсат тұтатын жоба 2016 жылы 3 ай бойы өткізілді. Осы уақыт аралығында мектеп студенттеріне ірі банктердің, қаржы ұйымдарының басшылары және тәжірибелі журналистері дәріс өткізді. Олардың қатарында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Бірінші кредиттік бюро, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Исламдық қаржы дамыту қауымдастығын, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Статистика комитеті, «Қазақстан қор биржасы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ өкілдері мен танымал журналистер, кәсіпкерлер бар.

Мектеп тыңдаушылары 7kun.kz іскер жаңалықтар сайтынан тәжірибеден өтіп, материалдарын жариялады.

Жоба жетекшісі, «Qazaq Media Group» компаниясының директоры Ербол Азанбектің айтуынша, мектеп түлектерімен жұмыс ары қарай жалғасады. 8 студент 7kun.kz сайтының штатына жұмысқа алынса, өзгелері түрлі жобаларға қатысуына қолдау көрсетіледі.

«Қазіргі кезде іскерлік журналистиканың ақсап жатқаны рас. «Іскерік журналистика мектебінің» түлектері осы оқылықтың орнын толтырып, қазақ тілінде қаржы, экономика және бизнес тақырыбындағы контенттің көбеюіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз»,

– деді ол.

Сондай-ақ, Ербол Азанбек түлектерді марапаттау рәсімінде жуырда елімізде қаржылық сауаттылығын арттырумен айналысатын қоғамдық қор құрылатынын жеткізді.

«Қор іскерлік журналистиканы дамытумен қатар, қазақ аудиториясының қаржылық сауаттын арттыруға мән береді. Биыл қазақ тілінде, түсінікті тілмен жазылған «Банк клиентінің анықтамалығы», «Отбасылық бюджет» атты кітапшаларды жарыққа шығармақпыз. Адамдар банкке барғанда, кредит аларда, депозит ашарда нені білуі керек, олар туралы ақпаратты қайдан ала-алады, түрлі проблемалар туындағанда не істеуі керек?! Кітапшалар осы бағыта ақпарат береді. Сонымен қатар қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындауды жалғастырамыз»,

– деп қосты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз