Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда ірі орман тәлімбағын салу жоспарланып отыр

Тәлімбақ көшетті тұрақты өндіруді қамтамасыз етіп, шығынды азайту мен көгалдандыру жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдегі жасыл желектердің сапасын арттырады.

«Өз тәлімбағы болмаған қала әрдайым сырттан тасымалданатын көшеттерге тәуелді. Бұл отырғызылатын материалдың сапасы көңілден шықпауына немесе шығынның көп болуына апарып соқтыруы мүмкін», – дейді қаланың Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жаңа питомникке лайық орын анықталды. Аумағы 150 гектар болатын жер бедері тегіс, топырағы құнарлы, климаты қолайлы жер телімі таңдалған. Осындай ауқымды тәлімбақ салу Алматының жасыл қорын тұрақты түрде толықтырып отыруға мол мүмкіндік береді. Мұнда жыл сайын миллиондаған көшет өсіріліп, агроорман шаруашылығының инфрақұрылымы дамып, қала экологиясына жеке инвестиция тарту жолға қойылмақ.

Өз питомнигінің болуы Алматының құбылмалы ауа райы мен қуаңшылыққа төзімді көшеттер өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай шешім аудандарды көгалдандыруды жеңілдетіп, қауіпті ағаштарды дер кезінде алмастырып, жаңа жасыл желекті уақытылы отырғызуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, көшет материалын сырттан сатып алу шығыны қысқарып, қала бюджетінің жүктемесі жеңілдейді. Ал бұл болашақта қаланың жасыл желегін ұдайы толықтырып отыруға бағытталған кесілген ағаштың орнына егілетін көшеттердің тұрақты жүйесін қалыптастырады.

Экологтар мен урбанистер қаланың қарқынды өсуі мен климаттың өзгеруі жағдайында мұндай қадамдардың аса маңызды екенін атайды. Шаһар жай ғана ағаш отырғызумен шектелмей, енді оларды өзі өсіре бастайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз