Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-4
USD
494
+1.68
EUR
520
-3.35
RUB
4.97
-0.03

Алматыда ІІІ Орталық-Азиялық агротехнологиялық саммит өтіп жатыр

Саммит жұмысына USDA, FAO, UNESCO, Азия Даму банкі, орталық мемлекеттік ұйымдар, даму институттары, жергілікті атқарушы органдар, салалық қауымдастықтар, ЖОО, ҒЗИ, сонымен қатар агробірлестіктер мен республиканың аграрлық саласы ұйымдарының сарапшылары қатысуда.

«Саммиттің негізгі миссиясы – халықаралық, әлем деңгейіндегі жаңа технологияларды, ғылымды, инновацияны аграрлық секторге тарту.

Және оны бүгінгі аграрлық секторға бейімдеп, бүгінгі ауылшаруашылық өнімін арттыру. Сондай-ақ қазіргі агро өндіріске бағыт беру.

Бүгінгі саммитке АҚШ, Еуропаның белді орталықтарынан ғалымдар келіп отыр», – дейді Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов.

Шара аясында агробизнес өнімділігі мен сатылымын арттыру үшін сандық шешімдер талқыланып, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізудің нақты үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын тиімділіктің жаңа деңгейіне көтеретін техника мен жабдықтар таныстырылды.

Шараны Қазақ Ұлттық аграрлық университеті Агротехнологиялық хаб және Азия Даму банкі бірлесе ұйымдастырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз