Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда ХҚО-ға келген құрсағында егізі бар әйел толғата бастады

“7 қарашада Әлия Алтыняй Медеу аудандық ХҚО-ға “бала босанғанға дейінгі” жәрдемақыны рәсімдеуге барады. Талон алайын деп жатқанда толғағы басталып кетті. Кейіпкеріміз жедел жәрдемді ХҚО директорының кабинетінде күтті. Оны орталық қызметкерлері жіті қадағалап тұрды. Жедел жәрдем келген кезде Әлияның суы кетіп, перинаталды орталыққа жетіп жығылып екі қызды дүниеге әкелді. Медеу ХҚО-ның барлық қызметкері одан хабар күтіп, Әлия перзентханадан шығатын күні оны құттықтап барды”, – деді Жұманбай.

Бақытты ана Эда мен Элифтің алдында Әли есімді бір ұлы бар екенін айтты.

“Қыздарына мұндай ерекше есімді берген себебі әкесінің ұлтымен байланысты, екі есім түрік тілінен аударғанда “жомарт” және “төзімді” дегенді білдіреді.

Сурет: facebook/@Murat Zhumanbai

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз