Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда Хеллоуинде жазым болған каскадердің ісіне қатысты жаңа мәлімет шықты

1376

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Өлімнің себебі ретінде жүрегінің тоқтауы аталып отыр. Сондықтан Медеу аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бұл іс бойынша өндірісті тоқтатты”, деді Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге салайық, танымал каскадер үшінші қараша күні түнгі клубтардың бірінде мумия келбетінде асылып тұрған. Жерге түскеннен кейін денсаулығы күрт нашарлап, көп өтпей мерт болды. Номад Стантс каскадерлер тобы оның өліміне орындаған трюктің еш қатысы жоғын бірден мәлімдеген еді. Бұл сөздерін сот-медициналық сараптамасы дәлелдеп берді.

Қасым Жұмағожин отандық және голливудтық фильмдердің жарқын жұлдызы еді. Еңбек жолы 2005 жылы «Көшпенділер» туындысынан басталды. Артында жары мен кішкентай ұлы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз