Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары шетінен жабылып жатыр

Цифрландыру жүйесінің сырын түсінгендер Халыққа қызмет көрсету орталығына келуін сиреткен. Алматылық жас кәсіпкер де бүгіннен бастап қажетті анықтама сынды құжаттарды үйден шықпай алуды үйренді.

Даниел Джеймс, тұрғын:

– Маған мекенжай анықтамасын алу керек еді. Бірақ осы анықтамаларды, ақпараттарды үйден алуға болатынын білген жоқпын. Енді осы сәттен бастап мен қолтаңба алдым, енді үйден алуға ыңғайлы және керемет болады.

 

Жыл басынан бері қаладағы төрт Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылған. Қалған он үші жұмыс істеу жүйесін өзгерткен. Менеджерлердің орнын өз-өзіне қызмет көрсету жүйелері ауыстырған. Кезек саны азайып, қызмет көрсету нормасы артыпты. Жылдың бірінші тоқсанында 240 мың адам электронды қолтаңба алып, 1 млн 156 мың қызмет көрсетілген. Жартысы электронды жүйе арқылы.

Жаңыл Апетова, Алмалы аудандық ХҚКО қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

– Бұрын электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып алатын болса, соңғы кездері бір реттік СМС пароль арқылы да қызмет алу мүмкіндіктері бар. Сол себепті бүгінгі күні ХҚКО-ға келушілердің саны азайған.

Электронды үкіметті әлі жетік меңгермегендер үшін қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы курс ашылған. Онда мамандар күніне бірнеше рет келушілерге электронды үкіметте жұмыс істеуді үйретеді. Сонымен қатар тұрғындар мемлекеттік мекеме басшыларына бейнехат жолдап, жауап ала алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз