Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Алматыда ер адам көлік ұрлау үшін пәтерін сатқан

Жоспар бойынша, әйел адам “жәбірленушінің” қасына барып, көлігінің кодын “оқуы” тиіс, ал ер адам сол көлікті айдап әкетуі керек болатын.

Схеманы тексеріп көру үшін, ер мен әйел Toyota Highlander көлігін таңдайды. Ол үшін апаттық жағдайдағы басқа бір ұқсас көлікті 2 миллион теңгеге сатып алады. Техникалық паспорты мен кузов нөмірі жазылған планканы алып қалып, қалған бөлшектерін сатып жіберген. Планканы керекті көлікке ауыстыртқызған.

Жоспарды жүзеге асыруға 27 қазанға қараған түні кіріседі. Әйел көліктің иесін күтіп, онымен бірге лифтке кіреді де, пульттен деректерді жазып алады, ал сол кезде ер адам көлікті айдап әкетеді.

Жедел тергеу тобы көлікті әрі қарай сатуға даярлайтын техникалық қызмет көрсету станциясын анықтаған. Өйткені ер адам ұрланған көлікті сатып жіберуді көздегенін мойындапты.

Ер адам қазір қамауда отыр. Сыбайласына қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралуда. Қылмыстық іс қозғалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз